Қазақстандық кәсіпкер АҚШ-та жүк тасымалына кадр жалдауды автоматтандыратын AI-стартап құрды
Call2action.ai АҚШ-тағы логистика және жүк тасымалы компанияларына жүргізуші, механик, диспетчер секілді қызметкерлерді іріктеуді автоматтандыруды ұсынады. Ерсұлтан Джусакиновтің айтуынша, сервис AI арқылы сұхбат өткізіп, 20 мың жүргізуші туралы дерекқордан лайықтыларын іріктейді, бірақ соңғы шешім HR маманында қалады. Клиенттер айына 500-1500 доллар төлейді, ал стартаптың есебінше, платформа арқылы 100-ден аса жүргізуші жұмысқа алынған және жалдау уақыты шамамен үш есе қысқарған.