Жамбыл облыстық пайдалану басқармасы

Ақбердиев Сұлтан Қудиярханұлы

 

Туған жылы: 23 маусым 1965 жылы

Туған жері: Жамбыл облысы, Талас ауданы, Кеңес ауылы

Ұлты: қазақ

Білімі: жоғары,  1987 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы»  мамандығы бойынша, 2004 жылы Тараз мемлекеттік университетін «заңтану» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 1987 жылы ПМК-2011  5-разрядты тас қалаушы, аға инженер, бас экономисі, одан кейін Жамбыл облысы Қаратау ауданы бойынша ауданаралық салық милициясының инспекторы, аға инспекторы болып бастаған.

– 1999 жылдан бастап Жамбыл облысы Қаратау ауданы бойынша ауданаралық салық полициясы бөлімінің бастығы;

– 2003-2004 жылдары Жамбыл облысы бойынша қаржы полициясы департаменті қаржылық қылмыстарды анықтау басқармасының аға инспекторы;

– 2004 жылдан 2014 жылға дейін Жамбыл облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің кадр бөлімінің бастығы қызметін атқарды;

– 2014-2016 жылдар аралығында криминалистика бөлімінің басшысы қызметін атқарды;

– 2016 жылдан бастап 2017 жылға дейін Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  профилактикалық  жұмыс және бақылау басқармасының аса маңызды істер жөніндегі бас маманы-аға офицері;

-2018-2019 жылдары ҚР ҚМ ҚМК Экономикалық тергеу департаментінің криминалистикалық бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2020 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ «Жамбыл аумақтық пайдалану басқармасы»  филиалының басшысы.

Отбасылық жағдайы: үйленген, бес бала тәрбиелеп отыр.