Қазақстан Республикасы  Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне бағынысты кәсіпорын болып табылады.

Мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасы аумағында сел, қар көшкіні, сырғыманың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөніндегі шараларды ұйымдастыру мен жүргізуге қатысу, тиісті бақылау және құлақтандыру қызметімен қамтамасыз ету.

Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасың халқын, нысандарын және аумақтарын табиғи қауіпті құбылыстардың ықпалынан (сел тасқындарынан, қар көшкіндерінен, сырғымадан) сенімді қорғауды қамтамасыз ету, олардың зардаптарын жоюды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысу болып табылады.

Көрсетілген мақсатқа жету үшін мемлекеттік мекеме тікелей немесе ведомствоға бағынысты ұйымдар мен қызметтер арқылы төмендегідей қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) қорғаныс инженерлік имараттарын пайдалану мен құрылысының ағымдық және болашақ жоспарларын әзірлейді;
2) селге, қар көшкініне қарсы және т.б. қорғаныс имараттары, кешендері және нысандарының пайдалану, жалпы құрылыстық, жөндеу, қорғау және реттеу, қайта қалпына келтіру, ғылыми-зерттеу және жобалық-ізденіс жұмыстарының мемлекеттік тапсырушы функцияларын атқарады;
3) Мемлекеттік мекеме теңгерімінде тұрған селге қарсы және басқа да қорғаушы иматтарды пайдалану, ұстау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;
4)төтенше жағдайдың ықтималдығы немесе туындауы жөнінде құлақтандырудың бекітілген сұлбасына сәйкес қызмет көрсету аймақтарында сел тасқыны, қар көшкіні және басқа да қауіпті табиғи құбылыстардың бақылау жұмыстарын ұйымдастырады;
5) тау беткеулеріндегі, мұздақ және мұздық көлдердің қауіптілігін төмендету бойынша алдын ала іс-шараларын әзірлейді және оларды жүзеге асырады; қар көшкінін алдын ала түсіру бойынша жұмыстарын орындайды;
6) селге, қар көшкініне, және сырғымаға әкелетін аумақтарға зерттеу жүргізеді және есепке алады, әлеуетті қауіптілігін бағалайды;
7) Мемлекеттік мекеменің қызмет көрсету аймақтарында сел, көшкін, сырғыма қауіпті нысандардағы зардаптарды жою бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
8) комитеттің тапсырмасы бойынша табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жұмыстарына қатысады;
9) жедел және өндірістік байланыстың ведомстволық жүйелерін, УҚТ (ультра қысқа толқынды) сәулелерді шығаратын қондырғыларды ұстау және жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;
10) Комитеттің аумақтық органдарымен бірлесе отырып Хабарлама-ұсынымдар, таулы аймақтарды пайдалану бойынша ұсынымдар береді;
11) жобаларды, шараларды, сонымен қатар шаруашылық жүргізетін нысандарды, елді мекенді және аумақты қорғау бойынша басқа ведомстволардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың қызмет көрсететін аумақтарда жұмыс жүргізетін мерзімдеріне ұсыныстар береді, қажетті сараптау қорытындыларын дайындайды;
12) Мемлекеттік мекеме құзыретіне енетін мәселелер жөнінде басқа да ұйымдармен және мемлекеттік мекеменің бөлімшелерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді.

Мекеме құрамына филиалдар құқығына 6 облыстық және аймақтық пайдалану-техникалық басқармалары кіреді, жалпы саны – 480 бірлік.